3 жасөспірім суға батып кетті

Шілденің шіліңгір ыстығы жетіп, суға шомылу маусымы басталыпта кетті. Аптап ыстыққа төзбеген жұрт суда шомылу ережелерін жиі бұзады.

Суға шомылуға барған азаматтардың суда шомылу ережелерін сақтамайтыны жасырын емес. Мысалы, жуырда Шаған полиция бөліміне қарасты су қоймаларына шомылуға барған 3 жасөспірім суға батып кетті.

Осыған орай, Шаған Пб ЖПҚб ЮПт инспекторлары қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен, судан құтқару жасағымен бірлесіп, рейдтер өткізді. Жағалаудағы тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізді. Инспекторлар тұрғындардың кешке қарай өзенге барып шомылатындарын, көпшіліктің сақтық ережелеріне құлақ аспайтынын айтуда. Тәртіп сақшылары жадынамалар таратты.

Алдағы күндері Орал қаласының әкімдігі мен Орал қ.ПБ бірлесіп, судағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын талап ету мақсатында кешенді тексерістер өткізуді жоспарлауда.

Орал қ.ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *