Оралда су беру қарқыны көбейтілмек

Бүгін Орал қаласында көпқабатты пәтердегі  су қысымын жоғарылатуға байланысты көшпелі брифинг өтті.

Қаланың орталық су жүйелерінде ауыз су қысымының төмендеуі жөнінде Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай мен «Батыс су арнасы» ЖШС директоры Қайырғали Имашев бүгінгі өткен брифинг барысында түсіндірді.

Қазіргі таңда жағдай өте күрделі. Ауыз су жетіспейді. Карантин жағдайына байланысты тұрғындардың бәрі үйлерінде болғандықтан, ауыз су тұтыну мөлшері де жоғары. Оның үстіне су жіберу станциясының ескілігі де бар. Алдағы уақытта су қысымын жоғарылату бойынша шаралар қарастырылуда. Жеке тұрғын үй мен бау-бақша өсіретін  шаруалардан суды үнемдеп пайдалануын сұраймыз, – деді «Батыс су арнасы» ЖШС директоры Қайырғали Есенғалиұлы.

Қайырғали Имашевтің айтуынша, Жайық өзенінде су азайған. Сонымен қатар, жерасты суының да деңгейі төмендеген. Ол қазіргі таңда  су тапшылығын болдырмау мақсатында суды кестемен беру тиімді болып отырғанын алға тартты.

Қалада сумен жабдықтау және суды әкету жұмыстарын жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жайық  өзені жағасында орналасқан су сору станциясының су жеткізу көлемін көбейту жоспарланған. Сол мақсатта «Батыс су арнасына»  200 текше метрге дейін су беру басталып кетіпті.

Орал қаласы әкімнің орынбасары Мирас Рүстемұлы:

Орал қаласы аумағында су жетіспеушілігі басты мәселе болып отыр. Сәйкесінше бекітілген кестеге көшуге мәжбүр боп отырмыз. Бұл халықтың суды артық мөлшерде тұтынуынан туындап отыр. Бекітілген кестеге сәйкес, Жайық өзенінен су алуды көбейтудеміз. Бұл мәселе бойынша сұрақтар кезең-кезеңімен шешілетін болады, – деді.

Шолохов көшесіндегі 19А және Зашаған кентінде орналасқан 29А кәріздік су әкету жүйесі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа су беру жүйесі бойынша «Батыс су арнасымен» қосымша 6 су сору скважиналарды бұрғылау жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда.

 Сондай-ақ брифингте қос тарапта жеке тұрғын үй секторларында су үнемдеу бағытында жұмыстар атқарылатын жеткізді.

Бау-бақша кезеңі екені мәлім, алайда көпқабатты пәтер тұрғындарының жағдайында ескеру қажет, – деді Мирас Мүлкай.

Бүгіннен бастап «Жайықжылуқуат» АҚ-ның   бір жылыту қазандығының жұмысы шектеліп, ыстық сумен жабдықтау жүйесі төмендейді. Тиісінше, көпқабатты пәтерлердегі су қысымын жоғарылату шаралары қолға алынады. Жеке тұрғын үй секторлары, оның ішінде Солтүстік-шығыс ауданы (Ескі аэропорт), Зачаганск, Мучурин, Асан ауылдары және қала маңындағы саяжайларда су беру кестесі жасақталмақ. Суды кесте бойынша беру жүйесі сақталады.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *