Өңірде ыстық ауа райы сақталады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.

Күндіз 8-10 шілде аралығында Атырау облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық ауа райы сақталады.

8 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерінде 18 м/с күтіледі.

Ақтөбе қаласында 8 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы — 85-90%.

8 шілде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы — 90-95%, — делінген хабарламада.

8 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіледі.

Көкшетау қаласында түнде және таңертең 8 шілдеде найзағай күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы — 85-90%.

Күндіз 8-10 шілдеде Батыс Қазақстан өте қатты ыстық 40-42 градус сақталады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы — 90-95%.

8 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы — 90-95%.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *