Дала өртіне жол жоқ

Халқымыздың өрт тілсіз – жау деп айтуы негізсіз емес — себебі, өрт күтпеген жерден  басталып, көптеген жылдар бойы маңдай термен жиған терген дүние-мүлкіңді лезде аяусыз жалмап, әп-сәтте жоқ қылуы ғажап емес.         

Өрт қаупінің алдын алу жөніндегі шараларға қарамастан аудан көлемінде өрт оқиғалары әлі де азаймай келеді. Себебі немқұрайлылық, мән бермеушілік, жауапсыздық бар жерде өрттердің болуы қалыпты жағдай.  

Өрт қаупі күшейетін жаз мезгілінде, жолды жөндеу мен күтуге  жауапты  мекемелер, кәсіпорындар жол жиегіне өскен құрғақ шөптерді қырып тастап отыруы тиіс. Себебі бұл шара да өрт қауіпсіздігін сақтаудың бірден-бір кепілі. Кей жағдайда бола қалған өрттер кезінде жолдың арғы жағынан басталған өрт орылмаған қаулаған шөптерге тиіп екінші бетіне ұласып жатады.

Аудандық телекоммуникация торабы мекемесі, аудандық электр желілері мекемелері әуе арқылы тартылған телефон, электр линиялары бағаналарының түптерінің шөптерін орып, тазалап отырулары  тиіс. Немесе екі жағынан жыртып өрттен сақтау шараларын жүргізу қажет. Осы секілді жерлері бар шаруа қожалықтары да жер жырту арқылы өз жерлерін өрттен қорғауға міндетті. Әрбір мекемедегі қызметкерлер, әрбір селолық округтердегі елді мекендер тұрғындары арасынан ерікті өрт сөндіру жасағы құрылып, мекеме, ұйым, елді мекендер аумағында өрттерді сөндіруге жұмылдыру қажет. Болып жатқан өрттерді сөндіру тек қана өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері мен аудандық, селолық округ әкімшілігіне ғана қажет деу өте қате пікір. Қазіргі уақытта аудан көлеміндегі жерлердің көпшілігі әркімнің жеке меншігі. Әрбір шаруашылық құрылым басшылары мен жекелеген адамдар өздерінің жеке мүліктерін және жерлерін өрттен қорғауға тікелей міндетті екенін естен шығармаулары тиіс.

Осындай тілсіз жаудан сақтанудың ең қарапайым жолы оның алдын алу, және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау екенін естен шығармайық.

Жаңақала аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *