Оралдық кәсіпкер ауруханаға оттегі концентраторын сыйлады

Оралдық кәсіпкер  қаламыздағы  облыстық көпбейінді ауруханаға оттегі концентраторы медициналық құрал-жабдығын алып берді.

Кәсіпкер құны 2 миллион теңгеден жоғары тұратын 3 тыныс алу аппаратын сыйлады.

–  Бүгін міне осындай жанашыр азаматтар науқастарға үлкен көмек көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда жағдай күрделі. Правизорлық стационарға күніне саны жиырмадан жоғары науқас түседі. Осы ретте басты құрал – оттегі концентраторы. Бұл – үлкен көмек.  Аталмыш аппарат науқастарды емдеу барысында қажеттілік тудырып отыр. Сол үшін осындай игі іс жасаған азаматтарға ал­ғысымызды айтамыз , – дейді  МО «Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры Арман Байдеуов.

Оттегі концентраторы ауадан оттегі жасап, науқастардың тыныс алуына көмектеседі. Аталмыш аппарат аурухананың №1,3 және 8 корпустарына орналастырылды. «Давид Строй» ЖШС директоры Қанат Жанғазиевтің айтуынша, бұл алғашқы  бастамалары екен. Бұл істі өзге де кәсіпкерлер жалғастырса деген ниетті.

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға бей-жай қарап отыра алмадық. Осы ретте Орал қаласы әкімдігіне хабарласып, қандай көмек қажет екенін білдік. Міне бүгін науқастарға арналған 3 тыныс алу құрылғысын аурухана басшылығына табыстап отырмыз. Игі істі қаламыздағы өзге де кәсіпкер азаматтар көріп, көмек қолын созса деймін. Қиын сәтте бір болуымыз қажет, – дейді кәсіпкер Қанат Қайратұлы.

Бүгінгі күні өңірде індет жұқтырғандар саны – 3423. Олардың 1185-і жазылып, үйлеріне шыққан. Облыстық аурухананың провизорлық стационар бөліміне күніне 20-22 науқас түссе, 100-ден аса науқас ем алуда. Аурухана басшысының мәліметінше, он екі науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жуырда облыстық көпбейінді ауруханада 150 орын провизорлық стационар ашылмақ.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *