Жұмысы жүйеленген жасақ

Облысымыздағы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі құрылғаннан бері мұндағы жеке құрам 18 жыл ішінде өңірдегі барлық ірі ауқымды табиғи төтенше жағдайларға тікелей қатысты.

2002 жылы облыс әкімінің шешімімен құрылған мамандандырылған (мобильді) жасақтың бірінші басшысы, ішкі қызмет полковнигі Ержан Катаев (2005) болса, бұдан әрі бұл лауазымдық орынға азаматтық қорғау подполковнигі Әнуар Өтешев (2013), азаматтық қорғау майоры Иван Маштаков (2017) тағайындалды. Бастапқыда 41 штаттық орынмен жұмысқа кіріскен бөлімше Орал қаласында өртке қарсы қызмет гарнизонының тірек пунктіне орналастырылды. Ал бұрын техникалық қызметтің бөлімдері өрттерді сөндіруге және техногендік, табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою бойынша ірі ауқымды операциялар жүргізуге арналған.

Жасақ бөлімшесін құру кезінде жеке құрамның үлесіне қызметтік үй-жайлар мен ғимараттарды абаттандырудың қиын бөлігі түсті. Ғимарат 1961 жылы салынды және бұл өрт сөндіру депосының типтік ғимараты емес, жобаға сәйкес ол 80- жылдардың ортасына дейін орналасқан гарнизонның техникалық қызметінің бөлігін пайдалануға арналған еді. Қызметтік үй-жайларда бұрын машиналарды және өрт- техникалық қару-жарақтарды жөндеуге арналған станоктар мен жабдықтар орналастырылған. Жатын бөлме, киім ауыстырғыш, мәжіліс залы, жасақтың байланыс бекеті, демалыс бөлмесі, жуынатын орын, асхана, қызметтік кабинеттер, жылыту болмаған. Сол кездегі мемлекеттік өртке қарсы қызмет бастығы Николай Маштаковтың арқасында техниканы сатып алу және жинақтау бойынша қыруар жұмыс атқарылды.

Бұл ерекше бөлімше болды, себебі Оралда өрт сөндіру қызметі жүйесінің қызметкерлері алғаш рет іс жүзінде құтқарушылар мәртебесін алды. Жұмыста жаңа серпін пайда болып, бұл анағұрлым бай және сапалы жеке көзқарасты талап етті. Сонымен қатар бұл істе қосымша қызметкерлер, жаңа құрал-жабдықтар қажет болды. Жеке құрамның 98 пайызы – азаматтық адамдар еді, сондықтан тәжірибелі тәлімгерлер басқа бөлімшелерге ауыстырылды.

2005 жылы төтенше жағдай құрылымы кезекті реформаларға ұшырап, мамандандырылған жасақ БҚО бойынша «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі филиалының қарамағына ауысты. Жасақ бастығы болып өртке қарсы қызмет капитаны Дамир Ермағамбетов бекітілді. Бұдан әрі жеке құрам жанкештілікпен құрылыс материалдарын өз күштерімен алып, бөлімшеде кең жатын бөлме, мәжіліс залы, жуынатын, киім қоятын орындар, қосалқы бөлшектер қоймасы, жаңа бойлер, оқу сыныбы, релаксация бөлмесі салынды. Қызметтік үй-жайларды жаңартумен қатар 2006 жылдың күзінде жаңа техникалар да алынды.

Ал 2008 жылдың мамыр айында мамандандырылған жасақ ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа шатыр орнатылып, терезелер мен есіктер ауыстырылып, жаңа кәріз жүргізіліп, өрт сөндіру депосы ғимаратының еден жабыны жаңартылды.

Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *