«Алғыс айту» күні қарсаңындағы спорттық шара

Бүгін Орал қаласында ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық жарыс өтті.

«Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған  «Орал» спорт клубында өткен спорттық шараға 50-ден спортшы астам қатысты. Жарыс спорттың  пневматикалық мылтықпен ату, дойбы, асық ату және дартс ойындары түрлерінен өтті.

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Артур Шерғалиев, «БҚО мүгедектері ерікті қоғамы» ҚБ Орал қалалық филиалының төрағасы Ерген Бекарыстанов және «Орал» спорт клубының директоры Есқабыл Жалмурзиев қатысып, Наурыз айында тойланатын барлық мерекелерімен баршаны құттықтап, жарысты жақсы өткізуге көтеріңкі көңіл-күй тіледі.

Шараның мақсаты – ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, сондай – ақ  тұрғындарды қоғамды бұқаралық спортқа жаппай тарту.

Жарыс соңында жүлделі орын иеленген қатысушылар медаль және дипломдармен марапатталды.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *