Қазақстанда қолма-қол емес төлемді пайдаланушылар саны соңғы бір жылда 2,3 есеге өссе, 1 қаңтарда бұл бағыттағы көрсеткіш 14,5 трлн теңгеге жетті, — деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұның барлығы елдегі онлайн төлемдерге сұраныстың артқанын көрсетеді, деп жазады 7kun.kz.
VISA-ның мәліметінше, соңғы кезде QR- төлемдер көбейген. Соңғы мәлімет бойынша QR арқылы төлеушілер саны 2,5 млн, бұл қызметті жиі пайдаланатын 1,4 мың сатушы бары анықталған.
VISA сарапшыларының пікірінше, алдағы 3-4 жылда бұл көрсеткіш арта түспек.