Оқушылар гандболдан жарысқа түсті

Бүгін Орал қаласының мектеп оқушылары арасында «Ұлттық мектеп лигасы» бағдарламасы бойынша гандбол жарысының финалдық ойыны мәреге жетті.

Аталған жарысқа команда құрамында жалпы саны 150-ден астам оқушы Жасөспірім ұлдардан 15 команда,  қыздардан 11 команда қатысты.

Финалдық ойынның нәтижесі бойынша гандбол ойынының үздігі болып қаламыздағы №32 жалпы орта білім беретін мектебі танылды.

Ал екінші орынды №22 ЖОББМ мектебінің ұлдарына бұйырса, үшінші орынды №25 ЖОББМ командасы иеленді.

Қыздар арасында №26 ЖОББМ жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орынға №46 ЖОББМ лайық деп танылса, үшінші орыннан №37 ЖОББМ қыздары көрінді.

Гандбол ойынында  шеберліктерін көрсетіп, үздік атанған спортшылар да марапатталды.

Олардың қатарында Никита Уракчеев (№32 ЖОББМ), Бекхан Жаксымбетов( №22 ЖОББМ), Данила Логвиненко (№25 ЖОББМ), Маша Водопьянова (№26 ЖОББМ), Диляра Орахова (№46 ЖОББМ), Диляра Аскар (№37 ЖОББМ) сынды жас спортшылар үздіктер қатарынан көрінді.

Жеңімпаздар Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің диплом және кубоктарымен марапатталды.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *