Ертең «Ашық әкімдік» шарасы өтеді

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 2020 жылы 11ақпан күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін дәстүрлі «Ашық әкімдік» шарасы өтеді, — деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шара барысында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков және қала әкімінің орынбасарлары, құрылымдық бөлімдер мен қызмет көрсетуші кәсіпорын басшылары тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. «Ашық әкімдік» шарасы тұрғындардың көкейкесті мәселелерінің шешімін жедел әрі тиімді жолмен шешуге бағытталған .

Аталмыш шара мына мекен-жайларда өтетін хабарлаймыз:

1.А. Н. Островский атындағы драма театры, Орал қаласы, Д. Нұрпейісова көшесі, 17

2. Зачаганск кентінің аппараты. Зачаганск кенті, 25-Чапаев дивизиясы көшесі, 2

3. «Деркөл» мәдениет үйі, Деркөл кенті, Бараев көшесі, 3

4.Жастар шығармашылық орталығы, Орал қаласы, Гагарин көшесі, 105/3.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *