Жастардың зияткерлігін шыңдаған ойын

Жуырда шаһарымыздағы  жастар арасында «Брейнг-Ринг» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.

Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Орал студенттер Альянсы»  және «Studunion» өзін-өзі басқару ұйымдарының кеңесі бірлесіп жоғары және арнаулы оқу орындарның студенттері арасында өткен сайысқа қатысушы топтар көп болды.

Басты мақсат – жастардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды, өнерлі де жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алуға қалыптастыру, ел мен жер тарихын білуге шақыру.

Ойын нәтижесінде зияткерлік пен ұшқырлықтарын танытқан А .Иманов атындағы жол-көлікколледжінің «Амангелді ұландары» командасы жеңімпаз атанды. Ж.Досмұхаммедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі «Ұлағат»командасы – екінші, жоғары аграрлық колледжінен құралған «ТЖ» құрамасы үшінші орынға ие болды.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *