Үздік студенттік клубты анықтады

Жуырда Орал қаласының жоғары оқу орындары арасында «Үздік студенттік клубты» анықтау мақсатында мониторинг өтті.

Аталмыш шараны БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Орал» студенттер Альянсы» корпоративтік қоры ұйымдастырды.

Мақсаты – жоғары оқу орындарында студенттің өзін-өзі басқару ұйымдарына белсене қатысуы, көшбасшылыққа ұмтылу қабілеттіліктерін арттыру.

Мониторинг барысында комиссия мүшелері әрбір оқу орындарының студенттік клубтарын аралап, олардың ерекшелігіне, өткізген шараларының сапасына, жасалған жұмыстарының қортындысына, т.б. критерийлерге байланысты баға беріп отырды.

Үш күнге созылған бақылау нәтижесінде «Үздік студенттік клуб» аталымын Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Достық» студенттік клубы үздік деп танылды.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *