Жылдық есебі тыңдалды

Өткен аптада жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының төрағалары, студенттік ректорлары мен студенттік президенттерінің қатысуымен «STUDUNION» форумы өтті.

«Орал студенттерінің Альянсы» корпоративтік қоры ұйымдастырған шараны Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдады.

Форумға арнайы Алматы қаласынан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жастар ұйымдары комитетінің жетекшісі, G-39 ұйымы кеңесінің мүшесі Нұрсұлтан Бекқайыров шақырылып, жұмысы барысындағы тәжірибесімен бөлісті.

Ашық диалог алаңында түрлі пікірлер мен ұсыныс айтылыпп, жастар саясаты мәселелері басқармасы мамандары тарапынан «Студенттерге арналған әлеуметтік кредит» жобасы туралы ақпарат берілді.

Форумының пленарлық отырысында сөз алған БҚО «STUDUNION» өзін-өзі басқару ұйымдары кеңесінің төрағасы Самат Рахымғалиев   жастар жылында жасалған шаралар туралы есеп беріп, алдағы жылға жоспарланған шаралар легімен таныстырды.

Шара соңында  жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттік клубтары арасында өткізілген арнайы мониторингтің нәтижелері анықталды. Мониторинг қорытындысына сәйкес «Үздік студенттік клуб» аталымын Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіндегі «Достық» студенттік клубы лайық деп танылды.

Ал «Үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы» аталымы жоғары аграрлық-техникалық колледжінің студенттік президенті Арген Губашевқа берілді.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *