Өз-өзіне қол жұмсаған

Қыркүйектің 17-сінде Теректі ауданында орман алқабынан асылып тұрған азаматшаның мүрдесі табылды деп хабарлайды БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтқанда, қайғылы оқиға Теректі ауданына қарасты Жаңа Өмір ауылындағы үйден 100 метр қашықтықтағы орман алқабында орын алыпты. Таңертеңгі уақытта табылған мүрде 1998 жылы туған мектеп мұғалімі екені анықталған. Өз-өзіне қол жұмсаған азаматша бір күн бұрын таңертең өзінің «Фольксваген Венто» маркілі көлігімен жұмысқа барып, содан қайта оралмаған, телефон қоңырауларына да жауап бермеген. Оны асылулы тұрған күйінде  1984 жылы туған көршісі қоқыс лақтыруға шыққан сәтінде көрген.

          Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде деп мәлімдейді департаменттің баспасөз қызметі.

«PULS» ақпарат (сурет ғаламтордан алынды)

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *