Қыркүйектің 26-сы күні белгісіз біреу Ақсай қаласындағы диско-бардың бірінде бұзақылық сипатта 1987 жылы туған азаматшаға дене зақымын келтірді деп хабарлайды БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жәбірленуші азамат «басының маңдай бөлігінің кесілген жарақаты» диагнозы бойынша ауруханаға жеткізіліп, дәрігерден ем алғаннан кейін үйіне қайтарылған. Тәртіп сақшыларының қолданған жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде 1993 жылы туған азаматша анықталып, ұсталған.
Аталған фактіге қатысты Бөрлі ауданы ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлімі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу қолға алынған.
«PULS» ақпарат