Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Қарттарын қадірлеген ел ардақты. Халықаралық қарттар күніне орай Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының əскери қызметшілері Ұлы Отан Соғысының және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ардагерлерін құттықтады.

Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы подполковник Р.Мажитов жəне тəрбие , идеологиялық, əскери-патриоттық жəне ҚР ҚК ардагерлерімен жұмыс бөлімшесінің бастығы майор К.Ахметкалиев Қарулы Күштерінің ардагері ұзақ жылдары жергілікті əскери басқару органдарында қызмет еткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы кезінде елеулі қызмет еткен полковник Н.Дегтяревті қарттар күнімен құттықтап барды. Басқарма атынан ардагерге мерекелік алғыс хат табысталды.

Əңгіме барысында ардагер өзі еңбек еткен кезінде басынан өткен қызықты сəттерін еске алып , құттықтап келген əскери қызметшілерге алғысын білдірді.

Басқарманың баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *