Инновацияға бағытталған кәсіпорын

«Адванс-маркет» ЖШС 2015 жылы құрылып, өткен уақыт ішінде ел Президенті жүргізіп отырған кәсіпкерлікті қолдау саясатының арқасында табысты, қарқынды дамып келе жатырған кәсіпорынға айналды. Кәсіпорын «Кәсіби мамандарға қамқорлық» қағидаты бойынша жұмыс істейді және кез келген ауа-райы жағдайында іште және ашық жұмыс орындарында жұмыс істеуге қауіпсіз және ыңғайлы болатын жұмыс киімдерін тігеді.

«Адванс-маркет» ЖШС басты артықшылығы еңбекті қорғау саласындағы тауарларды кешенді түрде қамтамасыз ету болып табылады. Өнімдер түрлері химия, мұнай-газ, металлургия, тамақ, фармацевтика және автомобиль өнеркәсібі, соның ішінде коммуналдық шаруашылық, көлік және құрылыс салаларының қызметкерлеріне арналған арнайы киімдерді, сондай-ақ күнделікті өмірге және белсенді демалысқа арналған киімдерді қамтиды.

Өндіріс процесінде жеңіл өнеркәсіптегі соңғы әзірлемелер мен инновациялар қолданылады. Өнім Оралда шығарылып, қала мерейін өсіруде. Сондай-ақ кәсіпорын жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, өз қызметкерлерін оқытып, олардың біліктілігін үнемі арттырып отырады.

Өндірістік қуатты арттыру мақсатында жұмыс киімдерін өндіру қызметін кеңейту үшін кәсіпорын ателье мен шеберхана үшін коммерциялық ғимарат сатып алуды ұйғарды. Кәсіпкер «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на өтініш білдіріп, банк «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту» жобасы аясында несиені мақұлдады. «Даму» Қорының қолдауымен Кәсіпкердің сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7%-ға дейін төмендетілді, бұл кәсіпті одан әрі дамытуға күшті ынталандыру болғаны сөзсіз.

 

ЖШС «Адванс-маркет» 

Мекен — жайы: БҚО, Орал қаласы, Б.Молдашев көшесі, 20

Тел +7 705 206 66 69

         + 7 7112 500 609

e-mail: 87055715342@mail.ru

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *