Орал қаласы Деркөл кенті әкіміне ҮМІТКЕРІ Багискалиев Нұрлан Әмірұлы

Багискалиев Нұрлан Әмірұлы

Өмірбаяны


Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы, Маштаков ауылынды 1978 жылы 21 мамырда дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
2001 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Салалар мен әлеуметтік сферадағы экономика жэне менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен Деркөл кенті әкіміне кандидат болып ұсынылды.

Кандидаттың сайлауалды
бағдарламасы:
Менің сайлауалды бағдарламам ауыл тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау болып табылады:
— ауылды көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын үнемі жүргізу;
— мүгедектерге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларға және көп балалы аналарға үнемі көмек көрсетіп, бақылауда ұстау;
— балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруды ұйымдастыру;
— елді мекендерді заманауи инженерлік коммуникациялармен, жеке тұрғын үй құрылысы үшін қосымша учаскелермен қамтамасыз ету;
— жеке кәсіпкерлік үшін жағдайды жақсарту;
— денсаулықты жақсартуға, кәсіп пен жұмысқа тұруға мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, шағын кәсіпкерлік пен жеке кәсіпкерлікті жүргізуге жағдай жасау.
— мәдени-көпшілік іс шараларын жоғары деңгейде ұйымдастыру;
— ауыл ішіне жол салу.
Құрметті сайлаушылар! Сіздердің көмектеріңізбен өзекті мәселелердің шешіміне қол жеткізуге, өмірлік мүдделеріңізді қорғауға, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыруға үміттенемін. Деркөл кентін өмір сүруге және жұмыс істеуге жайлы әрі қолайлы ету!

Оплачено из избирательного государственного фонда.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *