25-27 қыркүйек күндері Оралда өткен футбол турнирінде өңірдегі құқық қорғау саласының қызметкерлері жақсы ойын көрсетті деп хабарлайды БҚО прокуратурасының сайты.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған жарыста Полиция департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Прокуратура, Сот және Әкімдік командалары екі топта өзара бақ сынасқан. Командалар құрамында облыс әкімі Ғали Исқалиев, БҚО полиция департаментінің бастығы Махсұдхан Әбләзімов және басқа да басшылар ойынға қатысып, әріптестерінің арасынан табылыпты.
Үш күнге созылған ойын нәтижесінде Полиция департаментінің аяқдопшылары жеңімпаз атанса (доп саны 8-3), Прокуратура командасы 2- орынға табан тіреген (16-3), ал 3-орынды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұжымы иеленген (8-10). Жүлдегерлерге кубоктар мен алғыс хаттар табысталды.
Облыс прокурорларынан құралған командада ойнаған Ілияс Қаиров, Нұрсұлтан Джурабеков, Мадияр Муханов, Әділет Әбу, Асланбек Гинаятов, Асылжан Карин, Асылбек Имангалиев, Нұрлыбек Джубанов, Сәкен Молдашев, Ершат Камбетов және Бауыржан Ахметжан осылайша «күміс» медальға ие болып, өз шеберліктерін байқатты.
«PULS» ақпарат