ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында белгіленген тақырыпқа арналған үздік материалға халықаралық шығармашылық ашық конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты – еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, қазақстандық мемлекеттіктің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету, халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау.

Конкурс бес номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік телевизиялық материал»;

2) «Үздік радиоматериал»;

3) «Газеттер мен журналдардағыүздікмақала»;

4) «Ғаламтор-БАҚ-тағыүздікжарияланым»;

5) «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым».

Әр номинация бойынша Конкурс жеңімпаздарына 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады.

Конкурсқа жеке және ұжымдық авторлар тек бір номинация бойынша қатыса алады.

Конкурсқа 2018 жылғы 10 қазан мен 2019 жылғы 10 қазан аралығында ресми жарияланған (алғаш рет жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Комиссия Конкурсты қорытындылайды.

Конкурс жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2019 жылғы 3 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртібімен немесе пошта арқылы мына мекенжайда қабылданады: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1, 404 бөлме., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгілеумен, байланыс телефондары: (7172)       69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 69-30-51).

Конкурсты өткізудің шарттары мен мерзімдері туралы толық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz және www.fpp.kz сайттарында танысуға болады.

 «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты Баспа, электрондық және
аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасындағы 
ашық халықаралық конкурс туралы
ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі –БАҚ) қызметкерлерінің арасында Конкурс номинациясына сәйкес ашық халықаралық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.

1.2. Конкурс номинациясы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

1.3. Конкурстың мақсаты:

– қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретіндегі «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату;

– халықаралық кеңістікте еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін ақпараттық-имидждік ілгерілету;

– баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру;

– халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау;

– Елбасы кітапханасының архиві, кітапханасы және экспозиция қорындағы материалдарды медиа айналымға енгізу.

1.4. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік телевизиялық материал» (телеочерк, жаңалық бейнесюжеті, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір білдіру, деректі фильм);

2) «Үздік радиоматериал» (радиобағдарлама, радиошолу, радиоочерк, радиоқойылым, талдамалық шолу, сұхбат);

3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» (мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат);

4) «Ғаламтор БАҚ-тағы үздік жарияланым» (ақпараттық хабарлама, очерк, талдамалық шолу, сұхбат, репортаж, шолу, эссе);

5) «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» (Қазақстан мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамалары туралы шетелдік БАҚ-тарда жарияланған материалдар).

1.5. Конкурс туралы барлық ақпарат Конкурс ұйымдастырушыларының www.presidentlibrary.kzжәнеhttp://www.presidentfoundation.kzсайттарында жарияланады.

1.6. Қатысушыларды ақпараттық және техникалық қолдау мақсатында Кітапхананың www.presidentlibrary.kz сайтында және YouTube порталында (арна: Тұңғыш Президент кітапханасы) Елбасы кітапханасының қызметі туралы бейнематериалдар орналастырылған.

2. НОМИНАЦИЯЛАР БОЙЫНША СЫЙАҚЫ КӨЛЕМІ 

2.1. Конкурстың сыйақы қоры 8 500 000 теңгені құрайды және номинациялар бойынша төмендегідей бөлінеді:

«Үздік телевизиялық материал»

1 орын – 1 000 000 теңге;

2 орын – 500 000 теңге;

3 орын – 200 000 теңге.

«Үздік радиоматериал»

1 орын – 1 000 000 теңге;

2 орын – 500 000 теңге;

3 орын – 200 000 теңге.

«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»

1 орын – 1 000 000 теңге;

2 орын – 500 000 теңге;

3 орын – 200 000 теңге.

«Ғаламтор БАҚ-тағы үздік жарияланым»

1 орын – 1000 000 теңге;

2 орын – 500 000 теңге;

3 орын – 200 000 теңге.

«Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым»

1 орын – 1000 000 теңге;

2 орын – 500 000 теңге;

3 орын – 200 000 теңге.

2.2. Жүлделі орындарды иеленген конкурсанттарға арнайы төсбелгілер, дипломдар, куәліктер, дипломдар мен ақшалай сыйақылар тапсырылады.

3. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ МЕН ШАРТТАРЫ

3.1. Конкурсқа 2018 жылғы 10 қазан мен 2019 жылғы 10 қазан(қоса алғанда) аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

3.2. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2019 жылғы 1 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында келу тәртібімен немесе пошта арқылы мына мекенжайда қабылданады: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1, 404 бөлме., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгілеумен, байланыс телефондары: (7172)       69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 69-30-51).

3.3. Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар негіздеме болып табылады:

— қоса жалғанған нысанға сәйкес өтінім-сауалнама;

— конкурстық жұмыс;

— жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;

— БАҚ басшысы растаған жұмыс орнынан анықтама;

— аталған БАҚ-та материалдың жарияланғаны туралы эфирлік анықтама.

3.4. Конкурсқа жеке және ұжымдық авторлар тек бір номинация бойынша қатыса алады. Соның ішінде бір тақырыппен біріктірілген материалдар топтамасын ұсынуға болады.

3.5. Автор (авторлар ұжымы) өтінімге қол қоя отырып, Конкурс ұйымдастырушыларына Конкурс жұмыстарын БАҚ-ында орналастыруға автоматты түрде келісімін береді.

3.6. Конкурстық жұмыстарды ұсыну үлгісі:

– телевизиялық өнім – ғаламтордағы сілтемелері көрсетілген дискідегі бейнесюжет;

– радиохабар өнімі — дискідегі аудиожазба және трансляциялау фактісін растайтын құжат;

– мерзімді баспасөз өнімі – ғаламтордағы сілтемелері көрсетілген мақаланың сканерленген электрондық данасы;

– Ғаламтор БАҚ-тағы өнім – ғаламтордағы сілтемелері көрсетілген «Word» форматындағы жарияланымның электрондық нұсқасы.

3.7. Конкурстық жұмыстар көлемі бойынша шектелмейді.

3.8. Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері (10 балдық шкала бойынша):

– конкурстық жұмыс мазмұнының конкурстың мақсаттарына сәйкестігі;

– шығармашылық жаңашылдығы және идеяның бірегейлігі;

– жұмыс мазмұнының тереңдігі;

– орындаудың техникалық деңгейі (оның ішінде инфографика, 3D-графиканы пайдалану деңгейі және т. б.);

– жалпы эстетикалық және эмоциялық қабылдау.

3.9. Конкурстың жұмыс әлемнің барлық тілдерінде қабылданады.

3.10. Автор (авторлар ұжымы) Конкурстық жұмыстың мазмұны мен авторлығының дұрыстығы үшін жауап береді.

3.11. Жарнамалық сипаттағы жұмыс Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

3.12. Қажет болған жағдайда Конкурс ұйымдастырушылары қатысушыдан қосымша мәліметтерді, материалдың сәйкестігін, оның шығу мерзімін, авторлығын растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.

3.13. Конкурс ұйымдастырушылары жекелеген номинациялар мен орындар бойынша сыйлықтар бермеу, сондай-ақ номинациялар арасында жүлде қорын қайта бөлу құқықтарын өзіне қалдырады.

3.14. Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

4. КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУ

4.1.Конкурс қорытындысын Конкурстық комиссия шығарады.

4.2. Конкурс өтінімдері 2019 жылғы 1 маусым мен 20 қазанға (қоса алғанда) дейін қабылданады.

4.3. Конкурстық жұмыстарды іріктеу және қорытындылау 2019 жылғы 25 қарашаға дейін жүргізіледі.

4.4. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2019 жылғы 1 желтоқсан мен 13 желтоқсан аралығында өтеді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *