ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту туралы» 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес, екінші деңгейдегі банктер және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша берешек өтеуге жатады.
Жалпы қарыз ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауы керек. 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен оған есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрайды.
2019 жылғы 26 маусымға дейін әлеуметтік статусы бар төмендегі азаматтар қатары қарызы өтелетіндер тізіміне жатады :
— көпбалалы отбасылар;
— асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар;
— бала кезінен мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан мүгедек балалары бар отбасылар
— мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
— кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жетім балалар, 29 жасқа толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Статусыңызды анықтау үшін:
— egov.kz электрондық үкімет порталында;
— ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің enbek.gov.kz сайтынан;
— халыққа қызмет көрсету орталықтарында;
— 111 немесе 1411 бірыңғай қоңырау шалу нөмірі арқылы тексеруге болады.
Егер сіз көрсетілген санаттарға жатсаңыз, бірақ жалпы тізімде болмасаңыз, 111 нөміріне бірыңғай қоңырау шалу орталығына хабарласып, өзіңіз және отбасыңыз туралы мәлімет беріңіз.
Содан кейін мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелердегі Сіз туралы мәліметтерді тексереді және мәртебеңіз расталған кезде тізімге енгізеді.
Ұлттық банктің ақпараты бойынша 2019 жылғы 1 маусымда көрсетілген әлеуметтік статусы бар адамдардың тізімінен:
— кредиті болмаған;
— қарыз 2019 жылғы 1 маусымнан кейін берілген;
— қарыз бизнес мақсатқа берілген;
— қарыз кепілі бар;
— жалпы берешегі 3 млн. теңгеден асатын;
— қарыз баланстан тыс шығарылған;
— қарызы коллекторлық ұйымдарға берілген адамдар алып тасталды.
Егер Сіз осы тізімде болмасаңыз, тізімге енбеу себебін анықтау үшін «111» нөмірі арқылы бірыңғай қоңырау шалу орталығына хабарласыңыз. Келіспеген жағдайда, қарыз алған банкке немесе микроқаржылық ұйымға жүгіну қажет.
Санаты | Іс-әрекет алгоритмі |
Көпбалалы отбасылар (18 жасқа дейінгі кемінде 4 баласы бар, осы жылдың 26 -шы маусымы немесе 26-шы маусымына дейін туылған, 4 баланың құрамындағы біреуіоқу орнында оқитын 23 жасқа дейінгі балалардың болуы) | 1. Егер некеге 2008 жылға дейін тіркелген болса, онда тіркеуші құжаттарымен (жеке куәлік, неке қию туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) бірге тұрғылықты жердегі АХАТ-қа (Азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөліміне) (деректерді цифрлау үшін) жүгіну керек.
2. АХАТ-та акт жазбаларын цифрландыру процесі аяқталғаннан кейін сіз «111» нөміріне бірыңғай қоңырау шалу орталығына хабарласып, операторларға деректеріңізді беруіңіз керек. Жаңартулар бір ай ішінде жасалады. |
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар | 1. Растайтын құжаттарымен (жеке куәлік, неке қию туралы куәлік, жұбайының қайтыс болғаны туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) тұрғылықты жері бойынша АХАТ-қа(Азаматтардың хал-актілерінтіркеу бөлімінеқұжаттарды цифрлау үшін жүгіну қажет.
2. АХАТ-та акт жазбаларын цифрландыру процесі аяқталғаннан кейін сіз «111» нөміріне бірыңғай қоңырау шалу орталығына хабарласып, операторларға деректеріңізді беруіңіз керек. Жаңартулар бір ай ішінде жасалады. 3. Асыраушысынан айырылу туралы ақпараттыЕңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаментінен, мына мекен-жай бойынша ала аласыз: Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2 немесе тел. 25-16-86 (402 каб) |
Бала кезінен мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан мүгедек балалары бар отбасылар | 1. Тұрғылықты жері бойынша АХАТ-қа (Азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімінеқұжаттарды цифрлау үшін) растайтын құжаттарымен (жеке куәлік, неке қию туралы куәлік, туу туралы куәлік және т.б.), егер ол (үйленген немесе тұрмыста болса неке қию туралы куәлік), ал егер жоқ болса, онда ата-анасының құжаттарымен жүгінуі қажет.
2. АХАТ-та акт жазбаларын цифрландыру процесі аяқталғаннан кейін сіз 111 нөміріне бірыңғай қоңырау шалу орталығына хабарласып, операторларға деректеріңізді беруіңіз керек. Жаңартулар бір ай ішінде жасалады. 3. Мүгедектігі туралы ақпаратты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаментінен, мына мекен-жай бойынша ала аласыз: Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2 немесе тел. 50-78-29 (209 каб) |
Атаулы әлеуметтік көмек алатындар | 1. Егер некеге 2008 жылға дейін тіркелген болса, онда тіркеуші құжаттарымен (жеке куәлік, неке қию туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) бірге тұрғылықты жердегі АХАТ-қа (Азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөліміне деректерді цифрлау үшін) жүгіну керек.
2. АХАТ-та акт жазбаларын цифрландыру процесі аяқталғаннан кейін сіз «111» нөміріне бірыңғай қоңырау шалу орталығына хабарласып, операторларға деректеріңізді беруіңіз керек. Жаңартулар бір ай ішінде жасалады. |
Жетім бала (балалар) – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз анасы (әкесі) қайтыс болған бала (балалар), (29 жасқа толмаған) | 1. Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы арқылы (Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 82, 210-кабинет, тел: 26-04-66 Бержанова Агиис немесе Хамзина Саулеш) ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттарымен (ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік), жеке куәлігімен және әкімдіктің қамқоршылық тағайындау туралы қаулысымен, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған патронат туралы келісім құжаттарымен тікелей ҚР БҒМ Білім және ғылым департаментіне хабарласа алады. (бөлім бастығы Бегалина Махаббат, тел: 8 (7172) 74-23-41. осы нөмер арқылы санатын растай алады).
2.Білім және ғылым министрлігіне қажетті пакетті тапсыру процесін аяқтағаннан кейін, мәртебені растау үшін сіз «111» нөміріне бірыңғай қоңырау шалу орталығына хабарласып, операторларға деректеріңізді беруіңіз керек. Жаңартулар бір ай ішінде жасалады. |
Ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған бала (балалар) – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, хабарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, бала тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе медициналық ұйымнан алудан бас тартуына байланысты және өзге де жағдайларда жалғыз ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынан айрылған бала (балалар), (29 жасқа толмаған) | 1. Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы арқылы (Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 82, 210-кабинет, тел: 26-04-66 Бержанова Агиис немесе Хамзина Саулеш) ата-анасының жоқтығын растайтын құжаттармен (ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік), жеке куәлігімен және әкімдіктің қамқоршылық тағайындау туралы қаулысымен, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған патронат туралы келісім құжаттарымен тікелей ҚР БҒМ Білім және ғылым департаментіне хабарласа алады. (бөлім бастығы Бегалина Махаббат, тел: 8 (7172) 74-23-41. осы нөмер арқылы санатын растай алады).
2.Білім және ғылым министрлігіне қажетті пакетті тапсыру процесін аяқтағаннан кейін, мәртебені растау үшін сіз «111» нөміріне бірыңғай қоңырау шалу орталығына хабарласып, операторларға деректеріңізді беруіңіз керек. Жаңартулар бір ай ішінде жасалады. |