Мүгедектердің құқықтары қорғалды

БҚО Сырым ауданының прокуратурасымен негізсіз ұсталған 216,8 мың теңгені қайтарумен мүгедектердің және олардың жеке көмекшілерінің құқықтары қорғалды деп хабарлайды облыс прокуратурасы.

  Талдауға сәйкес, «Көру мүшелері зақымданған мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Орал» корпоративтік қорының 2019 жылы аудан бойынша мүгедектердің 37 жеке көмекшісінің еңбекақысынан жеке табыс салығын ұстап қалғаны анықталған.

  Ал Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 31-тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның мүгедекке қызметтер ұсыну кезінде алған материалдық пайдасы табыс ретінде қарастырылмайды.

   Бұдан басқа 55 мүгедек тұлғаның көлік, жер және мүлік салықтарын төлеу фактілері анықталған. Олар қолданыстағы заңнамаға сай аталған салық түрлерінен босатылған (Салық кодексінің 490-бабы 3-тармағының 6-тармақшасы, 498-бабы 3-тармағының 4-тармақшасы, 526-бабы 2-тармағының 2-тармақшасы).

   Прокурорлық қадағалау актісімен мемлекеттік кірістер басқармасы 169,4 мың теңге жеке табыс салығын және 47,4 мың теңге басқа салықтарды қайтарып, 92 азаматтың құқықтары толығымен қалпына келтірілген.

«bko.prokuror.gov.kz» сайтынан

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *