Білім күніне орай Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы №19 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен «Ерлік сабағын» ұйымдастырды деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.
Əскери-патриоттық тəрбие жүргізіп, оны мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың бойына сіңіру – бүгінгі күннің талабы. «Ерлік сабағының» мақсаты – жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту, Қарулы күштер туралы түсінік қалыптастыру.
Басқарманың жасақтау бөлімшесінің бастығы, кіші сержант Қуаныш Амангелді оқушыларды Білім күнімен құттықтап, өз сөзінде ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты жоғары əскери оқу орындары туралы мәлімет берді. Сонымен қатар еліміздің болашағы – білімді жастардың қолында екенін жеткізді. Оқушылар өз кезегінде əскерилерге қандай талаптар қойылатынын сұрады.
Мұндай бағыттағы «Ерлік сабақтары» өз жалғасын табады.
«PULS» ақпарат