Достықты нығайтуға бағытталған шара

Жуырда облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында «Жарасымды қарым-қатынас» атты психологиялық тренинг өтті.

Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған  шараға тәрбиленушілер белсене атсалысты.

Тренингтің басты мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әрбір балаға өзін бір үлкен топтың бөлшегі ретінде сезіндіру, жаңа орта қалыптастыру, бірлесе жұмыс жасауға дағдыландыру. Тәрбие мен белсенділікті арттыруға арналған шараға 42 бала қатысты.

Балалар тренинг барысында жағымды эмоция тудыру мақсатында бір-біріне жылы лебіздерін арнады. Сондай-ақ, әр түрлі жағдаяттардан іс-әрекеттерімен жол тауып, ұйымшылдықпен топтық ойындардан өтті. Достық қарым-қатынасты нығайтумен қатар, әр кезде тиімді әрі дұрыс шешім қабылдауға үйрететін шара балалардың көңілінен шықты.


Азат Сейтімов,

«Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *