Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде осы аптаның сәрсенбісінде, яғни 28 тамызда ҚР Конституциясы күніне орай «Ата Заң – азат елдің ар-намысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға облыс прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжан, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Ринат Мұратов, «Орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сергей Погодин, облыстық соттың бас маманы Меңдіғали Бақтығұлов, университет жанындағы «Рухани жаңғыру» институтының директоры, профессор Абат Қыдыршаев, білім ордасының оқытушылары мен студенттер қатысты.
Баяндамашылар өз сөздерінде еліміздің Ата Заңының рөлі мен маңыздылығы туралы ой бөлісті. Прокуратураның ресми өкілі Б.Ахметжан өз сөзінде құқық қорғау органының азаматтардың құқықтарын қорғау жолындағы жұмыс барысына тоқталды.
Дөңгелек үстел соңында БҚМУ проректоры Әсет Тасмағамбетов жиналғандарды алдағы мерекемен құттықтап, қатысушыларға алғысын білдірді.
«PULS» ақпарат