«Көкнар-2019» жедел алдын-алу шарасы барысында 1951 жылғы зейнеткердің ауласындағы шаруашылық құрылыс нысандарын тексеру барысында есірткі тектес зат табылды.
Зейнеткер ауласынан тақтайдың үстіне жайылып, беті газетпен көмкерілген күдік туғызған есірткі тектес заты табылды. Сұр-жасыл түсті өсімдік тектес белгісіз зат сот-медициналық сараптамасына жіберіліп, «кептірілген марихуана» екені анықталды.
Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының назарына оның ауласында арқанға жайып қойған ілінгені жаңа ғана жұлынған сұр-жасыл түсті, арнайы иісі бар қоңыр түсті жапырақ түскен. Күдік туғызған бұл есірткі тектес заты арнайы сараптамаға жіберілді. Сараптама қортындысында «кептірілмеген марихуана» екені мәлім болды.
Бұл азамат заңға қайшы жасалған іс-әрекеттерін толықтай мойындады. Үш эпизодпен ҚР ҚК-нің 296 баптың 2 бөліміне сай заңсыз есірткі заттарын сақтағаны үшін деп айып тағылды. Орал қалалық полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі