Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы Приурал полиция бөлімінің кезекші бөліміне 1975 жылы туған Махамбет ауылының тұрғынынан белгісіз біреулер үйге кіріп, темекісі мен азық-түлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен.
Қолданылған жедел-іздестіру іс-шарасы барысында аталған қылмысқа күдікті ретінде осы ауылда тұратын кәмелетке толмаған үш жасөспірім ұсталды.
Аталған факті бойынша Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Осыған орай БҚО Полиция департаменті ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балаларына аса мұқиятпен қарауларын сұрайды. Себебі балалық кезде жасалған қателік олардың болашағына әсер етуі әбден мүмкін.
БҚО ПД баспасөз қызметі