Қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Д.Қонаев шағынауданындағы «Азамат» дүкенінің кассасынан еркін түрде 1 миллион 500 мың теңгені ұрлаған азаматшаны құрықтады.
1972 жылы дүниеге келген жеке кәсіпкер түрлі купюрадағы әрі көп көлемді ақшасынан айырылығаны жөнінде полицияға арыз берген. Дүкен кассасындағы қомақты қаражатты ұрлаған тұлға ұсталып, істеген қылмысын толықтай мойындады. Қолынан ешқайда кетпейтіні туралы қолхат алынды. Мұны Орал қалалық ПБ Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабының 1 бөліміне сай ұрлық деп танылып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарын жүргізілуде.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі