Жуырда Орал қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері жедел-іздестіру шаралары барысында жаз маусымында бірнеше рет ұрлық жасап, оңай ақша табу жолын іздеген азаматты ұстады.
Күдікті кезекті ұрлық үстінде қолға түсті. Ол 2019 жылғы 22 шілдеде таңғы сағат 03.30 шамасын бетке алып, «Евразия» даңғылындағы бір үй ауласында тұрған «РАФ-4» ақ түсті маркалы көлікті көздеп, оның терезесінің әйнегін сындырған. Сынған тұстынан қолын салон ішіне сұғып, корпусы қара түсті бейнетіркегіш құрылғысын алып кеткен. Көлік иесіне күдікті 80 мың теңге шығын келтірген. Бұл ұрлыққа жол берген 1998 жылы туған Орал қаласының тұрғыны ұсталды. Он алты рет ұрлық жасаған эпизодпен ұрлыққа жол берген тұлғаны ұстап, тергеу изоляторына қамалды. Тәртіп сақшыларының құрығына іліккен күдіктінің бұған дейін де бірнеше ұрлық жасағаны анықталып, 16 эпизодпен қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық әрекеттерін толықтай мойындады. Қазіргі күні тергеу амалдарын Абай полиция бөлімі жүргізуде.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі