Жедел ашылған қылмыстар

Ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында Орал қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Н.Бисеновтың жетекшілік етуімен басқарманың КПб қызметкерлері Орал қаласы аумағында орын алған ауыр және бірнеше эпизодты қылмыстарды ашты.

Атап айтсақ, 2019 жылғы 22 маусымда белгісіз тұлға Орал қаласы, Хусаинов көшесі 2/2 мекенжайындағы  «Донер Парк» кафесінің жанында алдау арқылы 1997 жылы туылған бір азаматшаға  тиесілі «Стелс» маркалы велосипедін алып кеткен.  ПБ КПб қызметкерлерінің  жедел әрекеттері арқасында бұдан басқа осыған ұқсас 7 қылмыс жасаған 1995 жылы туған С.есімді азамат  қолға түсті. Оған қатысты алаяқтық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық  іс қозғалды.

12 шілде күні 06.00-де белгісіз тұлға «Жеңіс» шағын ауданы 32/1 үйдің жанында тұрған БҚО Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне тиесілі «Лада-21310» маркалы автокөлікті ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сондай-ақ,  4 тамызда сағат 04.00-де белгісіз тұлға «Строитель» шағын ауданы 33/1 үйдің жанында тұрған Тәжікстан Республикасы Худжант қаласының тумасы 1988 ж.т. Р.Ориповқа тиесілі «ВАЗ-21099» маркалы автокөлігін айдап әкеткен. Аталған фактілер 2019 жылғы 12 шілдеде Орал қ. ПБ-да тіркеліп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабы, 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды.

Деректер бойынша қалалық ПБ КПб қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде 1992 ж.т. екі азаматты қолға түсірді. Күдіктілер қылмыстарын мойындады. Қазір оларға қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өткен айда, яғни 1 шілде күні сағат 01.00-ден 08.30-ға дейінгі уақыт аралығында белгісіз тұлға Евразия 117/1 үйдің ауласында тұрған 700 HYP 07 «Мазда» автокөлігінің терезесін бұзу арқылы  Н. есімді азаматқа тиесілі «Неолин» маркалы бейнетіркегішін ұрлап кеткен.

Орал қалалық ПБ КПб қызметкерлерінің  жедел әрекеттерінің нәтижесінде 1998 жылы туған тұлға қолға түсті. Тергеу барысында бұл күдіктінің бұдан басқа жиырма қылмысқа қатысы бары белгілі болды. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалды.

2019 жылғы 19 шілдеде белгісіз тұлға Орал қаласы, Евразия даңғылы 54 үй, 4 пәтерден сол пәтердің тұрғыны  бір азаматшаға тиесілі 150 000 теңгесін ұрлап кеткен. Аталған факті бойынша Орал қ. ПБ КПб қызметкерлері жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде қылмысты жасады деген күдікпен Жамбыл облысы, Тараз қаласының тұрғыны, еш жерде жұмыс жасамайтын 1984 жылы туған азаматша  анықталып, қолға түсті.  Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалып, тергелуде. Тергеу барысында күдікті азаматшаның бұдан басқа екі қылмысқа қатысы бары анықталды.

Ағымдағы жылдың 7 тамызында сағат 09.00-ден 15.00-ге дейінгі аралықта белгісіз тұлға Орал қаласы, Самал шағын ауданы, «Банковец-2» саяжай қоғамдастығында орналасқан 9 үйге терезе арқылы еніп, 1959 жылы туған үй иесіне  тиесілі алтын бұйымдары мен жеке мүліктерін  ұрлап кеткен. Келтірілген шығын –1 500 000 теңге.

Полиция басқармасының КПб қызметкерлерінің қылмысты ашуға бағытталған жедел іс-шаралары барысында 1996 жылы дүниеге келген А. есімді тұлға анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Гүламан Исмагулова,

Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *