Әйел жамағатын білімге шақырды

Бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында әйел жамағатына арналған «Білімдіге дүние жарық» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

 Облыстық дін істері басқармасына қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырған шараны Тараз қаласынан арнайы келген Жамбыл облыстық Орталық мешітінің ұстазы, РһD докторант, дінтанушы Зейнеп Үсенова жүргізді.

Діни сауаттылықты арттыруға арналған семинардың мақсаты – ұлт ұйытқысы болар қыз балаларды имандылықпен қатар, білім алуға шақыру.

– Бүгін Ақ Жайық еліне келіп, жан-жақты білім алу жөнінде семинар-тренинг жүргізіп жатырмын. Қазір қоғамда жастарға діни сауаттылықпен  бірге білімнің маңызын ұғындыру мақсатын көздеп отырмыз, – деді Зейнеп Жәдігерқызы.

Тағылымды кеш барысында көптің көкейінде жүрген діни сауаттылық, исламдағы зайырлы білімнің маңызы, дәстүрлі діннің рөлі сынды тақырыптар қозғалды. Әр түрлі мақсатта интеллектуалдық ойындар ойнатылып, қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан сыйлықтар берілді.

Оқыту семинарына елу шақты әйел-аналар мен қыз-келіншектер қатысты.

 

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *