БҚО прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығы ағымдағы жылдың жеті айында 1166 азаматқа құқықтық көмек көрсетті деп хабарлайды облыс прокуратурасының ресми сайтында жарияланған мәліметте.
Соның ішінде прокурорлар – 883, ҚСжАЕКБ қызметкерлері – 66, полиция – 54, медиаторлар – 46, адвокаттар – 42, пробация – 38 және сот орындаушылары – 37 тұлғаны жеке қабылдаған. Прокурорларға келушілер азаматтық және әкімшілік заңнама (620), әлеуметтік-экономикалық сала (194), қылмыстық заңнама (48) және өзге де мәселелермен (21) жүгінген.
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алғаннан кейін 255 адам сотқа, құқық қорғау және уәкілетті органдарға «Egov» порталы арқылы өз арыздары мен шағымдарын жолдаған.
ЭЦҚ-ны пайдалану ұйымға бармай-ақ, бірнеше минут ішінде өтінішті жолдауға, оның нәтижесін қарауға және құжаттар бойынша жұмыс уақытын қысқартуға мүмкіндік беретінін айтып өткен жөн.
Орталықтағы азаматтарды қабылдайтын прокурор, полиция және пробация қызметкерлері, медиатор, адвокат, сот орындаушысы оларға көмек көрсету, проблемаларын түсіндіру және құқықтық шешімін табуға көмектесу үшін барлық шараларды қабылдайды. Сонымен қатар, құқықтық көмек сұраушыларға көрсеткен сапалы қызметтері мен кәсіби біліктіліктері үшін прокурорлар Талғат Жилкибаевтың, Әсия Дүйсекенованың, Балжан Агниязованың және Жанар Иманғалиеваның атына алғыс хаттар түскен.
Естеріңізге салсақ, Құқық қорғау қызметтері орталығы Орал қаласы, Шаған жағалауы (Чагано-Набережная) көшесі, 84 мекенжайындағы «Smart Uralsk» ғимаратында орналасқан және сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс жасайды (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).
«PULS» ақпарат