Бүгін облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында көрнекті әнші, композитор, Қазақстанның Халық артисі Ғарифолла Құрманғалиевтің 110 жыл толуына орай «Әнім саған – туған жер» атты дәстүрлі әншілермен кездесу кеші өтті.
Кітапхана оқырмандары мен шақырулы қонақтарға Қатимолла Бердіғалиев, Күләш Қуанышқалиева, Армат Исламғалиев, Фархат Оразов сынды облысымызға танымал дәстүрлі ән өнерін, Ғ.Құрманғалиевтің ізін жалғаушы өнер жұлдыздары өнер көрсетіп, естеліктермен бөлісті. Әсем жырға сусындаған оқырмандар көңілі бір серпіліп қалды.