«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті

«ӘДІЛЕТ» партиясының облыстық штабының өкілдері «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық мәселелер, өндіріс саласын қолдау және алдағы мәслихат сайлауына қатысты сауалдар талқыланды.

Кездесуге партияның штаб мүшелері Мұрат Мұқаев пен Ақылжан Ахметов қатысты. Алғашқы болып сөз алған Мұрат Мұқаев елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға тоқталып, мәслихат сайлауының жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешудегі маңызын атап өтті. Мұрат Рахметұлының айтуынша, азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуы, жергілікті басқару ісіне қатысуы және өз ұсыныстарын білдіруі өңірдің дамуына ықпал етеді.
Спикер өңірді дамытудың нақты бағыттары мен жоспарланған көрсеткіштеріне де назар аударды. Атап айтқанда, 2029 жылға дейін инфрақұрылымдық жобаларға 6,5 триллион теңге бөлу және республика бойынша 70 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланғанын жеткізді.Сонымен қатар өңірдегі жол инфрақұрылымын жақсарту мәселесіне тоқталды. Қазіргі таңда жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі шамамен 60 пайызды құрайтынын айтып, бұл көрсеткішті 2031 жылға дейін 77 пайызға жеткізу міндеті қойылғанын атап өтті.

Өңір үшін өзекті мәселелердің қатарында электр желілерінің тозуы, тұрғын үй құрылысы және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағыттары да аталды. Мұрат Мұқаев бұл мәселелердің шешілу барысын бақылау мен өндіріс орындарының мүдделерін ескерудің маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары да таныстырылды. Олардың қатарында білім беру сапасын арттыру, балабақшалар санын көбейту, денсаулық сақтау саласын дамыту, жастарды қолдау және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері бар.

Бұдан бөлек, кездесуде отандық өндірісті дамыту, кәсіпорындардың әлеуетін арттыру, еңбек адамдарының мүддесін қорғау және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері қозғалды. Спикерлер тұрақты жұмыс орындарын сақтау мен өндіріс саласының дамуы өңір экономикасы үшін маңызды екеніне ерекше тоқталды
Жиын ашық пікір алмасу форматында жалғасты. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *