Алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдар қалай жұмыс жасайды?

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне толығымен кіреді, мұнда мемлекеттік-әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуімен ешқандай өзгерістер  болмайды.

Емханалар бұрынғыдай дәрігерді үйге шақыру, балалар мен жүкті әйелдер патронажы қызметтерін көрсете береді, төрт санатты жедел жәрдем шақыртуларына, жалпы практика дәрігерінде, педиатр немесе терапев дәрігерлерінде бақылауда болу және басқа да қызметтерді көрсететін болады.

«Медициналық санитарлық алғашқы көмек бойынша адамдарға учаскелік дәрігерге бірінші барғаннан-ақ денсаулығын сақтауға жол ашады.  Бұл жерде ауруды анықтап, оның алдын алуға баса назар аударылады, өйткені денсаулығын тексерту үшін адам ең алдымен өзінің дәрігеріне баруы тиіс. Алғашқы консультативтік-диагностикалық қызметтер міндетті түрде тегін көрсетіледі. Денсаулық жағдайына қарай жалпы тәжірибелік дәрігер диагностика үшін талдаулардың қажетті түрлерін анықтайды және әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізіміне кіретін немесе қарқынды бақылауды талап ететін қандай да бір дертті анықтаған жағдайда, пациентті міндетті түрде есепке қояды, әрі қарай ол ТМККК есебінен емделетін болады» дейді «ӘМСҚ» КеАҚ БҚО бойынша филиал директоры Нұржамал Жұмағұлова.

Қордың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта жалпы  тәжірибелі дәрігерге 1700 пациент тіркелу шегі белгіленген. 2023 жылға ЖТД тіркелген халықтың саны 1500-ден аспайды деп жоспарланып отыр.

«Қазір емханалар халыққа сапалы қызмет көрсетіп, олардың неғұрлым көп санын қамту үшін, дәрігер әрбір пациентке жеткілікті көңіл бөлуі үшін неғұрлым көбірек учаскелер ашуға бағытталуы тиіс», – деп есептейді Нұржамал Шамғонқызы.

«ӘМСҚ» КеАҚ БҚО бойынша филиалы

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *