Ағымдағы жылдың І жарты жылдығындағы Қазақстан Республикасы ҚМ ІМАК Батыс Қазақстан облысы бойынша әдеп жөніндегі уәкілімен мемлекеттік қызмет пен әдеп кодексі туралы 15 қабылдау жүргізіліп, кеңес берілді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу тақырыбында, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру сұрақтары бойынша бес семинар және дәріс, екі бекітілген нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізілді.
Анонимді сауалнама ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін анықтап, бізге нақты оларды жақсартуға шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа әдеп жөніндегі уәкілден әрбір азамат мемлекеттік қызметкерлермен байланысты әдеп жөнінде немесе мүдделер қақтығысы бойынша кеңес алуына болады.
Байланыс ақпараты: БҚО, Орал қаласы, Досмұхамедов көшесі, 45, 41-бөлме, байланыс телефоны: 8 (7112) 504979. Азаматтарды қабылдау әрбір айдың соңғы жұма күнінде өтеді, қабылдауға 8 (7112) 504979 телефоны арқылы алдын ала жазылуға болады.
Қайролла НҰРМҰҚАНОВ,
Әдеп жөніндегі уәкіл,
Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары