Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев аппарат жиналысында өзінің жаңа орынбасарын таныстырды.
«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Аманжол Алпысбаев тағайындалды.
Аманжол Алиханұлы – 1971 жылы туған, білімі жоғары, Алматы технологиялық институын «инженер-технолог», Қарағанды экономикалық университетін «салық және салық салу» мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары:
— ҚР Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде;
— ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының басшысы, Ақмола облысы бойынша департаментінің директоры;
— ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департамент директоры, төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
Осы тағайындауға дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде жұмыс істеді.
Ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы стратегиялық жоспарлау, тарифтік саясат, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің дамуы, мемлекеттік сатып алу, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдік әлемін қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.