Арыстағы жарылысқа орай Орал облыстық орталық мешіті де қызу жұмысқа кірісіп, «Арыспен біргеміз!» атты арнайы топ жасақталды деп хабарлады ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша баспасөз қызметі.
Топтың мақсаты – Арыстағы жарылыстан зардап шеккен ағайынға көмек қолын созу. Ақ Жайық өңіріндегі барша мешіт жамағаты осы қайырымдылық іске белсене атсалысқан. Мешіт ауласына жүк көлігі қойылып, қалың жұртшылық қолынан келген көмектерін аямады. Жүк көлігі өткен аптадағы қасиетті жұмадан кейін Арыс қаласына аттанды.
Облыстағы мешіт қызметкерлері біркүндік еңбекақысын арыстық бауырларына көмек ретінде аударуға шешім қабылдады. Жеке кәсіпкерлер мен мешіт жамағаттары да азық-түлікпен және қаржылай көмектесті.
«PULS» ақпарат