Қазақстандықтар 2020 жылы тегін медициналық көмекті емханалар деңгейінде алуды жалғастырады. Бірақ енді тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жаңа моделі шеңберінде алатын болады. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалы хабарлады.
Еліміздің әр азаматына кепілдірілген медициналық қызметтер пакетінің тізімі 2019 жылы 18 маусым күні Үкіметпен бекітілді. Қызметтердің барлық спектрі – маманның кеңесі мен қабылдауы, жүктілік кезіндегі тексеруден өту және шұғыл медициналық көмекке дейін диагностикаға дейін тегін болып қала береді. Ал келесі жылдан бастап бұл тізімге ұрпақ денсаулығы мен отбасын жоспарлау бойынша кеңестер де кіретін болады.
Алайда динамикалық бақылауды қоса медициналық-әлеуметтік көмек әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулармен ауыратын пациенттерге ғана қолжетімді болады. Соңғылардың саны 254 топтан 25-ке дейін азайтылған. Олардың барлығы ТМККК жаңа тізбесіне сәйкес консультативтік-диагностикалық көмекті тегін алады және стационарды ауыстыратын көмекке қол жеткізеді. Денсаулық сақтау министрлігі бұндай механизм пациенттер ағынын реттеп, шынымен көмекке мұқтаж жандарға қолжетімділікті арттыра түседі деген болжам жасайды.
Егер бұрын стационарлар шұғыл және жоспарлы емделушілерді қабылдаған болса, енді 2020 жылғы қаңтар айынан бастап жоспарлы көмек динамикалық бақылауға жататын тек қана негізгі созылмалы ауруларға көрсетілмек. Ал қоғамға қауіп төндіретін әлеуметтік маңызы бар және жұқпалы ауруларды емдеу тегін болып қала береді.
Туберкулез, обыр, созылмалы аурулардың соңғы сатысындағы және өзіне-өзі қызмет көрсетуге толық немесе жартылай қабілетсіз тұлғалар, тұрақты түрде күтім жасауға мұқтаж адамдар мемлекет есебінен паллиативті көмекке және мейірбике күтіміне қолжетімділік алады. Туберкулезбен науқастанған тұлғаларға да қайта қалпына келу еміне және медициналық оңалтуға қолжетімділік беріледі.
Амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етуге келетін болсақ (АДҚ), ол созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге ғана көзделеді. Егер де бұрын АДҚ ауруларды арнайы емдік өнімдермен қамтамасыз ету қарастырылса, келесі жылдан бастап бұл тізімге иммунобиологиялық препараттар қосылатын болады.
«PULS» ақпарат орталығы