Облыс құрамасы жеңіске жетті

13-19 маусым күндері аралығында Орал қаласында ұйымдастырылған волейболдан ерлер мен әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті.

Алты күнге созылған жарыс  «Арман» спорт кешені (ерлер арасында) мен облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебінде (қыздар арасында) өтті. Командалық есепте жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында Қарағанды қаласы – үшінші, Батыс Қазақстан облысы екінші орынға ие болды. Алматылық волейболшы арулар жеңіс тұғырынан көрінді.

Ерлер арасындағы тартысты ойын көптің көңілінен шықты. Нәтижесінде жүлделі үшінші орынға Алматы қаласының ерлер командасы жайғасса,  Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы екінші орыннан көрінді. Ерлер арасында бірінші орын  өз жерлестеріміздің пайдасын шешіліп, облыс құрамасы жеңіске жетті.

Айта кетелік, облыстық ерлер волейбол командасын еліміздің ең үздік батысқазақстандық волейболшылары құрады. Команда сапында облыстық спорт мектептерінің түлектері Виталий Вориводин, Қайрат Байбеков, Антон Кузнецов, Владимир Прокофьев, Мирлан Бадашев, Михаил Пономаренко, Петр Чурзин, Айдын Адильбеков , Азамат Рахов, Евгений Гоф, Данияр Нұрмұханбетов, Денис Кучеров сынды үздік ойыншылар бар.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *