Алик Шпекбаев Түркия елшісімен кездесті

Кеше, яғни 10 маусымда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Түркияның ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныкпен кездесті деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.

Түркия елшісі Қазақстандағы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ілгерілемелі қозғалысты атап өтіп, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығына баса назар аударған.

«Біз Қазақстанның қалай дамып жатқанын көріп отырмыз. Тәуелсіздік алған сәттен бастап аз уақыт ішінде Қазақстан тиімді мемлекеттік аппарат құруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркия арасында тығыз сауда-экономикалық қатынастар жолға қойылған. Біздің сауда-экономикалық қарым-қатынастарымыз соңғы 15 жылда  3,5 $ миллиардқа жетті. Біз екі ел арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастықты күтеміз» деп атап өтті елші мырза. Сондай-ақ түрік дипломаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және электрондық үкіметті енгізу саласындағы еліміздің оң жетістіктерін ерекше атап өтті.

«Қазақстан сервистік мемлекетті құруда серпіліс жасап, электрондық үкіметті енгізу мен дамыту,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну процестерін жетілдіру бөлігінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді» деді Түркияның ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык.

Агенттік төрағасы Түркиямен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын айрықша атап өтті.

«Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас өзара достыққа, бауырластық пен сенімге негізделген. Біздің есігіміз инвесторлар үшін ашық. Барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып, біз кәсіпкерлер мен инвесторларды төрешілдіктен және олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғауға барынша жәрдемдесетін боламыз» деді А. Шпекбаев.

Агенттік басшысы инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге бағытталған бизнес пен инвестицияларды қорғау жөніндегі жобаның жұмысы туралы айтып берді.

Елші мырза Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан түрік бизнесмендерінің инвестициялық жобаларына тоқталып, агенттіктің осы бағыттағы қызметіне ерекше қызығушылық білдірді. «Олардың одан әрі дамуы серіктестердің тарапынан бизнесті адал жүргізумен тікелей байланысты болады» деп атап өтті ол.

«Кездесу қорытындысы бойынша Невзат Уянык агенттік басшысына жылы қабылдауы үшін алғысын білдіріп, жан-жақты ынтымақтастыққа дайын екендігін айтты» делінген баспасөз хабарламасында.

Л.ҚАЖЫМ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *