Оралдық отбасыларды қуантты

Бүгін – қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан мұсылман қауым соңғы күн ауыз бекітті. Дәл осы күні Оралдағы Тәжиден Батырұлы мешітінде игілікті іс-шара ұйымдастырылып, жүз отбасыға азық-түлік жиынтығы үлестірілді.

Игі істің басы-қасынан табылған облысымыздың бас имамы Еркебұлан Қарақұловтың айтуынша, қасиетті айда көмекке мұқтаж жандарды қуантуға қалалық мешіт имамдары мен жамағатынан құралған 200-дей адам атсалысыпты. Яғни, жамағаттың ауызбіршілікпен жинаған пітір садақасы осындай қайырымдылық акциясына жұмсалған.

– Ертең – еліміз бойынша Ораза айт мерекесінің алғашқы күні. Ертең жергілікті уақыт бойынша таңғы 6.30-да барлық мешіттерде айт намазы оқылады. Барша оралдықтарды айт мейрамымен құттықтаймын, – деді Еркебұлан Ыбырайымұлы.

Бұдан соң Тәжиден Батырұлы мешітінің қызметкерлері азық-түлікті алдын ала бекітілген тізім бойынша отбасыларға үлестірді.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *