Ертең, яғни 1 маусым – халықаралық балалар күніне арналған мерекелік шеру тоқтатылды.
Нақтырақ айтқанда, мерекелік шеру қаладағы Абай алаңында ертең өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда ертең қатты ыстық ауа райы күтілуіне байланысты оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында шеру болмайтын болды.
Балалар мейрамы қалалық мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылады.