Биылғы наурыз-мамыр айларында қаладағы жалпы орта білім беретін мектептерде өткен кездесулерде оқушыларға еліміздегі әскери оқу орындары туралы мәлімет берілді.
Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы мен білім беру бөлімі бірлесе ұйымдастырған шараның мақсаты – балаларды әскери-патриоттық сезімге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Басқарманың әскери қызметкерлері әскери оқу орындары туралы кеңінен ақпарат беріп, тақырыпқа байланысты бейнефильмдер көрсетілді.
Басқарма өкілдері әскери қызмет ету – әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, әскер мен әскери оқу орындарының айырмашылығына тоқталды. Кездесу барысында шәкірттер қонақтарға сұрақтар қойып, әскери қызметшілер өміріне қызығушылық танытты.
Ақмөлдір БАҒЫТЖАНҚЫЗЫ,
әскери даярлық, әскерден тыс жұмыс,
БӘД және ӘТМ жөніндегі
инспектордың қызметкері