2019 жылдың 20-21 мамыры күндері Орал қаласында облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ұйымдастыруымен «Қауіпсіздік белдігі — 2019» қозғалыстың жас инспекторлары жасақтарының облыстық слеті өтті.
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасымен және «Еуразия» туристік сауықтыру кешенімен бірлесе оздырылған слетке 12-15 жастағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары, аудандық және қалалық кезеңнің жеңімпаз топтары қатысты.
Слеттің негізгі мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оны болдырмау.
Слет бағдарламасы мынадай 7-кезеңнен тұрды:
1) саптық байқау;
2) жол қозғалысы ережесінің білгірі;
3) вилосипедті мәнерлеп жүргізу;
4) жас реттеуші;
5) жас тазалықшы;
6) үгіт-насихат бригада байқауы;
7) эрудиттер турнирі.
Слетке жасөспірімден бар ынтасымен қатысып, берілген тапсырмаларды жарыса әрі қызыға орындады.
Слет соңында жеңімпаздар анықталды: 1-орынды Бөрлі аудандық жалпы орта білім беретін мектептің командасы алса, 2-орынды Теректі ауданының жалпы орта білім беретін мектептің командасы иеленді, ал 3-орын Орал қаласындағы №1 мектептің командасына бұйырды.
Жеңімпаз командалар грамоталармен марапатталып, оларға ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.
БҚО ПД баспасөз қызметі