Бүгін — оқушымен, ертең — ата-анамен

Соңғы кездері көпшілік орындарда белең алған бөтеннің мүлкіне қол сұғу ұрлығының алдын алу мақсатында қала мектептерінде тәрбие сағаттары мен тренингтер өткізілуде.

Жасы кәмелетке толмаған  жасөспірімдердің  уақ-түйек ақшасын, ұялы телефондарын  ұрлатып алып, келеңсіз жағдайларға душар болатыны жасырын емес. Жуырда қаладағы №17 орта мектепте «Жеке мүлкіңе мұқият бол!» тақырыбымен  сынып  сағаты өтті. Оған Орал қалалық полиция басқармасы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды топтың аға инспекторы, полиция майоры Мәдина Құспанова, Абай полиция бөлімшесі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды топтың инспекторы, полиция аға лейтенанты Асылбек Ахметов және  мектептің педагогикалық ұжымы қатысты. Мектеп инспекторы  Асылбек Ахметов жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылықтардың орын алмауын талап етіп, қоғамдық көліктер мен көпшілік мәдени-демалыс орындарында жеке мүліктеріне мұқият болуларын, жалпы сақтық ережелерін түсіндірді.  Жеке мүлік ұрлығына байланысты ұсталған күдіктілердің заң алдында жауапталатыны жөнінде хабарлама жасап, заң баптарын түсіндірді.

Сонымен қатар жақында басталатын жазғы демалыс кезінде лагерьлерге барғанда суға шомылу ережелерін естен шығармауды, ұрлық-қарлықтан сақтануды, ақша мен әмиян, ұялы телефон мен құнды киімдеріне мұқият болуды  ескертті. Жоғары сынып оқушыларына арнап дайындалған жадынамалар мен ұрлықтан сақтану қағидалары басылған парақшалар үлестірді.

Бұл жолғы сынып сағаты тек қана мектеп оқушыларына арналған еді. Алдағы уақытта ата-аналармен бірлесіп тренингтер өткізу жоспарланды.

Қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *