Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұмасында Ақсай қаласы мешітінің ұйымдастыруымен «Тегін такси» акциясы бастау алды.
Рамазан айы — адамдарды жақсылыққа, мейрімділікке, өзгелерге қолұшын беруге тәрбиелейтін мүбәрак ай. Осы қасиетті айда жұртшылыққа жақсылық көлемін аттыруды мақсат еткен шараның алғашқы күні ерікті жамағаттың қолдауымен бес көлік жолға шығып, аялдамадағы адамдарды керек жеріне тегін жеткізуді қолға алды.
— Бұл арқылы біздер игі істердің сауабы еселене беретінін, Рамазан жақсылықтың көлемін арттыратын ай екенін насихаттап, дінге деген оң көзқарасты арттырғымыз келеді, — дейді ауданымыздың бас имамы Қанат Жəкенов.
Біз де алдағы уақытта «Тегін такси» жобасын қолдаушылар көп болсын дейміз.
Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі