Оралдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Мәди Лұқманов Нұр-Сұлтан қаласында өткен AIFC Finance Olympiad сайысында 1-орынды иеленді. Енді ол ұлттық құрамамен бірге Санкт-Петербургте еліміздің намысын қорғайтын болады
Бұл туралы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жарыста Қазақстанның әр өңірінен қатысқан 67 жоғары сынып оқушысы экономика, қаржылық сауат, бизнес бойынша білімдерін ортаға салған.Үш кезеңнен тұратын олимпиадада қатысушылардың экономика негіздерін түсіну және саралай алуы, қаржылық сауаттылық деңгейі сыналып, оларға бизнес-кейсті шешу туралы тапсырмалар беріліпті.
Олимпиадада үздік бестікке енген білімді жастар ұлттық құраманың негізін құрайды. Енді олар жаз айында Санкт-Петербургте өтетін экономикадан халықаралық олимпиадада еліміздің намысын қорғамақ.
«Менің ойымша, олимпиада мені жаңа қырымна наша түсті. Алда халықаралық жарысқа дайындаламын. Олимпиадаға Мәскеуден тәуелсіз сарапшылар келді. Олардың бізге берген бағасы жоғары болды», — дейді зияткер шәкірт.
Мәди–TechCentralAsia стартап конкурсының жеңімпазы. Оралдағы зияткерлік мектеп оқушыларынан құралған команда қызмет көрсету сапасына нықтаудың автомат тандырылған жүйесін ойлаптап қан болатын. Қазір оларға арнайы белгіленген маман өнімді ұсынудың тиімді жолдарын, компаниялармен қарым-қатынас орнату және тестілеу өткізудің қыр-сырын үйретуде.