Жастар спорттық шеберліктерін шыңдады

Биылғы мерейтойлық жылға орай оралдық жастар арасында өткен «Liga Jastar» волейбол лигасы өз мәресіне жетті.

Жастар жылының шеңберінде үш айға созылған спорттық додада әрбір команда барынша өз намыстарын қорғады. Нәтижесінде жүлде иеленіп қана қоймай, өздерінің шеберліктерін шыңдады. Ойынға барлығы 16 команда қатысты.

Жарыста Орал қаласы әкімдігінің командасы жүлделі бірінші орынға ие болды. Ал екінші орын — Шағатай жастарына, үшінші орын — Подстепное жастарына бұйырды. Медициналық колледж ойыншылары төртінші орынды қанағат тұтты. Сонымен қатар үздік ойыншылар да жүлдесіз қайтпады. Лига қортындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубокпен, грамота, медаль және қаржылай сый-сияпатпен марапатталды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *