Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебіне әскери оқу резервін даярлау бағдарламасымен әскерге шақырылушылар арасында іріктеу жүргізеді.
Оқу мерзімі 40 күн ақылы негізді жүзеге асырылады, бағасы — 236 318 теңге. Оқу аяқталған соң бекітілген мерзімде әскери билет беріледі. Үміткерлерге қойылатын талаптар: бұрын әскер қатарында болмаған, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе шектеулі жарамды, 24-27 жас аралығындағы, сондай-ақ әр түрлі себептермен әскерге шақырылудан кейінге қалдырылғанәскерге шақырылушылар. Анықтама алу үшін Еуразия даңғылы, 100-үй мекенжайында орналасқан Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына 571-бөлмеге жолығуға болады. Телефоны: 50-78-63.
Басқарманың баспасөз қызметі
(сурет интернеттен алынды)